Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның құрылысшылар одағы еліміздегі үздік құрылысшыларды марапаттады.

Елордада өткен салтанатты шарада құрылыс саласына 40 жылға жуық өмірін арнаған, қызмет жолында жеткен жетістігі көп мамандарға құрмет көрсетілді. Олар ҚР ИИДМ-ның «Құрметті құрылысшы» және Қазақстанның құрылысшылар одағы атынан «Еңбегі сіңген құрылысшы» төс белгілерімен марапатталды.

c0c3abbf-c8d4-485d-8ec7-77fdb385e388 (1).jpg

Үздік құрылысшыларға төс белгілерді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов, қоғам қайраткері Бақыт Сыздықова, тележүргізушілер Айгүл Мукей мен  Динара Сатжан және «Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ төрағасы Талғат Ерғалиев тақты.

5cad294f-f2f0-4806-8d1f-a85cfbb6b7cf.jpg

Ал,  “Славян базары — 2019” халықаралық өнер фестивалінің жеңімпазы Әділхан Макин құрылысшылардың құрметіне арнап салтанатты кеште ән орындады.

8556f148-b90a-4fa2-b798-38143c225ee2.jpg

Жалпы, еліміз бойынша үздік деп танылған 50 құрылысшы еңбек өтілінің мерзіміне қарай марапатталды.

Источник:
https://baq.kz/news/othernews/aza-stanny-zdik-rylysshylary-marapattaldy/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.