Өткен аптада Қызылорда облысының әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлымен облыстың құрылыс компаниялары басшыларының кездесуі болып өтті. Кездесу барысында құрылыс саласына қатысты көптеген күрмеулі мәселелер талқыланды. Қазіргі күні аймағымызда күрделі құрылыс жұмыстары тоқырап тұрғаны ешкімге құпия емес. Бұның басты себебі – салынатын құрылысты қаржыландыру мәселесі толығымен шешілмеуі және құрылыс саласына бөлінген қаржының көлемінің өте аз мөлшерде болуында.

Осы кездесу барысында аймақтың жаңа басшысы өңіріміздің құрылыс саласын дамыту жөнінде алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспарын айтып өтті.

Бас-аяғы екі сағаттай уақыт сұхбаттасу барысында аймақ басшысы мен құрылысшылардың арасында өте жақсы үйлесімді диалог өтті. Облысымыздың құрылысшылары аймақтың басшысылығына келе салысымен осыдан біраз уақыт бұрын ғана Нұрлыбек Машбекұлының: «облыста құрылыс саласы дамитын болады» деген сөзін құптарлықпен қарсы алған болатын. Осы кездесуде де облыс әкімінің сөзінен оның құрылыс саласына үлкен маңыз беретіні аңғарылды.

Кездесуге қатысқандар облыстың құрылыс саласында жаңа бағытқа бетбұрыс жасалынып, таяу уақытта өңіріміз құрылыс индустриясына айналады деген сенімге иек артты. Біздер өз тарапымыздан аймақ басшысына үлкен алғысымызды білдіре отырып, құрылысқа қатысты алға қойған жоспарларды уақытында және жоғарғы сапамен орындауға дайын екенімізді білдірдік.

Облыстың жаңа басшысының назарына төмендегі мәселені мәлімдедік. 2021 жылы сәуір айынан бастап құрылыс материалдары бағасының өсуі басталды. Осыған байланысты СПМК-70 ауданындағы 50 пәтерлі бес қабатты тұрғын 10 үйден тұратын салынып жатқан объектілердің сметалық құнын түзету туралы ҚР Үкіметі деңгейінде шешім қабылданды.

Жоғарыда аталған нысандар бойынша «мердігерлер» шұғыл түрде жаңа бағалар бойынша объектілердің құнын қайта есептеп,бұл шамамен 1,4 миллиард тенге құрады,жаңа смета «тапсырыс берушіге» ұсынылды, ал «Тапсырыс беруші» өз кезегінде біздің жаңартылған сметаларымызды облыстық бюджет комиссиясы арқылы өткізді.Бұдан кейін бұл процесс әрі қарай жылжымай тоқтап қалды.

Осыған байланысты біз облыстың жаңа басшысынан жоғарыда аталған проблеманы шешуге жәрдем сұрадық. Осы бірлескен кездесуде жоғары айтылған қаржының тапшылығына байланысты «тапсырыс берушімен» бірлесіп объектілерді оңтайландыру (оптимизация) жүргізу ұсынылды, бұл ұсыныс басталған объектілерді қосымша қаражатты талап етпей аяқтауға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *