Одақ мүшесі «Қазығұрт-Сервис» компаниясының мүддесін қорғадық

Одақ мүшесі «Қазығұрт-Сервис»
компаниясының мүддесін қорғадық

Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қазақстан құрылысшылар одағының мүшесі «Қазығұрт-Сервис» компаниясын мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылсын деп жергілікті атқарушы органнан түскен шағым бойынша мүддесін қорғадық.

Ондағы мәселе мал қорымы құрылысын салу барысында, құрылыс жұмысын бастауға рұқсат қағазының кешеуілдеуіне орай, салқын ауа-райының әсерінен құйылған бетондарда сызаттардың пайда болуы.

Сот процессі барысында түскен сызаттардың мардымсыз екенін бетке ала отырып, ауа райы жылынып жұмыс жасауға мүмкіндік болған кезде ақауларды жоятынымызға кепілдеме алып тараптармен Бітімгершілік келісім жасадық.

Осыған орай сот талап қоюды қараусыз қалдырып Бітімгершілік келісімді бекітті.