Қарағойшин Александр Ахметқалиұлы — «Қазақстан құрылысшылар одағы» Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды.
Александр Карагойшин — қайырымды кәсіпкер, туып өскен жерінің тұрғындары үшін игі бастамалар енгізген.
1980 жылы 26 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
Қазіргі уақытта Александр Ахметқалиұлының тыңғылықты жұмысының нәтижесінде 10 жылдық тәжірибесі бар компания жұмыс істеп тұр.
Батыс өңіріндегі «Жиенбай» ЖШС-ның 1-ші категориялы құрылыс нысандарын салатын лицензиясы бар, штатта 70 адам жұмыс істесе, автопарк 50 дана заманауи техникамен жабдықталған.
2017 жылы 25- мамыр күні 1997 жылғы мектеп бітіруші түлектерімен «Туған елге тағзым» жобасы аясында Жалпақтал конструкциясы мен электр фонарларын орнатуға 7 млн теңге қаражат бөліп, ауылдың көркейуіне көп үлес қосқан.
Осылайша, өз өңірінің тұрғындарын жұмыспен қамтып, аймақтың көркеюіне белсенді үлес қосып келеді.
Қазіргі таңда «Жиенбай» ЖШС-нің директоры қызметін атқарады.