Құрылыс саласындағы өзекті  мәселелердің алдын -алу күн тәртібінен түспейтін тақырып.  Қыруар қаржы бөлінсе де, салынған кез –келген құрылыс нысандарынан табылатын кемшіліктер жетерлік. Бұл бағыттағы жұмысты жолға қою үшін  құрылыс ұйымдары мен жетекші бизнес өкілдері бас қосты.

Кездесуде Таразда жаңадан ашылған  «Қазақстан  Құрылысшылар  Одағының»  филиал басшысы тағайындалды.  Республикалық одақ  төрағасы жергілікті құрылыс бизнес өкілдерін бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. 

Бүгінде Қазақстандағы құрылыс материалдарының даму барысы- нарықта  үлкен әлеуетке ие. Алайда шешімін күткен мәселе көп. Басқосуда құрылыс бизнесіндегі  өзекті мәселелер талқыланды. Өзін-өзі реттейтін ұйымдар енгізу туралы ұсыныстар айтылды.  Жиналғандар аймақта құрылыс саласындағы шешімін күткен өзекті мәселелердің бір парасына тоқталды.

Асанхан МАМАЖАНОВ «КАЗЮЖГИПРОВОДОСТРОЙПРОЕКТ» ЖШС ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ

Дәулетхан АЛИПБАЕВ «ТАРАЗҚҰРЫЛЫСИНВЕСТ» ЖШС ӨНДІРІСТІК ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Осылайша ортаға ой тасталды. Қазақтан бойынша құрылыс нарығындағы ақсап жатқан кемшін тұстарды жинақтай келе, Талғат Ерғалиев саннан сапаға көшу керектігін атап өтті.

Талғат ЕРҒАЛИЕВ «ҚАЗАҚСТАН ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ОДАҒЫ»  РҚБ ТӨРАҒАСЫ

Жиын соңында қатысушылар арасынан филиал директоры таңдалды. Ашық  дауыс беру арқылы «Қазақстан Құрылысшылар одағының»  Жамбыл олбысындағы басшысы болып бірауыздан Мәслихат депутаты, «Байзак агро Пром» ЖШС-ң бас директоры Бақытжан Сейіткәрімов тағайындалды. Енді ол өңірдегі құрылыс индустриясын  дамытуға ат салыспақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *