Сейткаримов Бакытжан Сейдахметович — директор филиала РОЮЛ «Союз строителей Казахстана» Жамбылской области

Мен, Сейткәрімов Бақытжан Сейдахметұлы 02.09.1979 жылы Жамбыл облысы, Аса ауылында, мемлекеттік қызметкерлердің отбасында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.

1996 жылы Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектепті бітіріп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетіне түстім, және оны 2000 жылы құқықтанушы мамандығы бойынша бітірдім.
2000 — 2001 жылдары Сот қаулыларын орындау департаментінде сот орындаушы болып жұмыс істедім.
2001-2002 жылдары Тараз гарнизонының Әскери полициясында әкери борышымды өтедім.
2002-2004 жылдары жеке кәспкер болдым.
2005-2006 жылдары Тараз қаласы прокурорының көмекшісі болып жұмыс істедім.
2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «С-Бастау 2007» ЖШС кірпіш зауытының директоры болып, сондай-ақ 2009 жылдан бастап «Санал» күзет агенттігінің, «Кәсіпкер-Тараз», «БайзақАгроПром» ЖШС-лардың құрылтайшысымын және бас директоры, «КАСУБ-Тараз»  құрылыс компаниясының құрылтайшысымын.
2011-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясының фракциясында, сол жылы Байзақ ауданы маслихатының депутаты болып сайландым.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен және 2014 жылы «Қазақстан маслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталдым.
2016 жылы «Нұр Отан» партиясының төрагасынен белсенді қатысқаным үшін алғыс хатпан марапатталдым.
2016 жылы Жамбыл облысы маслихатының депутаты болып сайландым, сол жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталдым.
2016 жылы «QazDekor» ЖШС-нің декор панельдерді шығаратын зауыттының құрылтайшысы және басшысымын

Тұрмыс құрғанмын, үш ұл балам бар.

Сейткәрімов Б.С. өзі құрылтайшысы болып отырған «Касуб — Тараз» ЖШС — ң күшімен Көктал ауылында бала — бақша ғимаратына 32 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген, 2012 жылы тағы да осы Көктал ауылында «Саялы» бала бақшасына 7 млн теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген, 2013 жылы Амангелді орта мектебіне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл тек Байзақ ауданы бойынша, ал енді Жамбыл ауданы, Тараз қаласы, Оңтүстік Казакстан облысы Жетісай қаласы, қаратау қаласы бойынша 2012 — 2014 жылдары 812 млн. теңгенің құрылыс монтаж жұмыстары атқарған, 2015 жылы Астана қаласында ТЭЦ — 2 ғимаратына күрделі жөндеу, реконструкция жүргізіп 550 млн. теңгенің қаражатын игерген.

Ол 2009 жылдан бастап Тараз қаласында «Санал күзет агенттігінің директоры қызметін қоса атқаруда. Бұл мекеме Тараз, Қаратау қаласында, Меркі, Құлан, Б.Момышүлы, Мойынқұм аудан орталықтарында біраз мекемелерді күзетуді қамтамасыз етеді,  138 адам күзет қызметімен айналысады яғни 138 тұрақты жұмыс орны деген сөз.

Сейткакримов Б. баскаратын «С-Бастау 2007» ЖШС-ң құрамындагы Т.Рысқұлов ауданында күйдірілген кірпіш шығаратын зовод, өз өнімдерін облыс көлеміндегі құрылыс ұйымдарына  рыноктық бағамен босатады.

Сейткаримов Б. басшылық ететін әр бағыттағы шаруашалық серіктестітерінде 230 дейін адамдар еңбек етеді.